Жұма, 29 наурыз, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 21 ауыл әкімі сайланады

03.01.2022

317 0

Былтыр елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті.

25 шілдеден бастап облыста 44 ауылдық округтің, 1 аудандық маңызы бар қаланың және 2 кент әкімін халық дауыс беру арқылы сайлады.

– ҚР Сайлау туралы» заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуінің басты мақсаты – жергілікті халықтың басқару жүйесіндегі белсенділігін арттыру және еліміздегі демократиялық процестерді одан әрі дамыту болып табылады. Осы жылы өткен ауыл әкімдерін сайлау барысында облыс бойынша жалпы саны 181 кандидат тіркелді. 118 кандидат өзін-өзі ұсынса, 63 үміткерді саяси партиялар додаға қосқан. Сайлауға қатысушы 181 кандидаттың 79 пайызы бюллетеньге енгізілді. 37 кандидат тиісті талаптарға сәйкес келмеді. саяси додада орташа бәсекелестік бір орынға 3 кандидатты құрады, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Жалпы 47 әкімнің сайлауының 36-ы әкімдердің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11-і мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өткізілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: