Дүйсенбі, 07 қазан, 07:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Сала мамандарымен кездесу

23.12.2020

1363 0

Бүгін «Nur Otan» партиясының өкілдері онлайн режимде «Теміржол-Су» мекемесінің  қызметкерлерімен кездесді. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, түрлі саладағы сауалдарға жауап берілді. Кездесуге Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнар Жұмашева, Айгүл Мұсабаева, Жандос Базартай  және Ибраким Басықараев қатысты. Сондай-ақ, онлайн негізде үміткер Гүлшат Мұсаева да бой көрсетті

          Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы өткен жиында үміткерлер Қызылорда қаласын дамытудағы сайлауалды бағдарламада қамтылған жеті басымдыққа ерекше тоқталып, мақсат-міндетін айқындады. Қатысушылар сайлауалды бағдарламаның маңызды тұстарына тоқталып, өңір экономикасын өркендетуге арналған жобалардың негізгі бағыттарын бірге талқылады.

          Ана мен бала перинаталдық орталығы директорының орынбасары Гүлнар Жұмашева медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына, мамандар тапшылығын айтса, мектеп директоры Айгүл Мұсабаева білім сапасын арттыруға қатысты қойылған талаптарға тоқталды. Ал, «ҚТЖ»ҰК»АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев болса, жол сапасын көтеру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы маңызы бар жолдардың үлесін арттыру бағытында партияның алға қойған жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ «Қорқыт Ата» университетінің  ұстазы, проректор Жандос Базартай  бағдарламаның басым бағытының бірі ғылымды дамыту екенін жеткізе келе, білім беру ісіндегі жағымды жаңалықтармен бөлісті.

          Жиын соңы қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, сұрақ-жауап алмасумен түйінделді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: