Жұма, 26 сәуiр, 23:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр елінде тұңғыш рет «Модельдік пәтер жобасы» іске қосылды

05.12.2021

768 0

Облыстағы оңалту орталығында «Модельдік пәтер жобасы» іске қосылды. Әлеуметтік тұрмыстық бейімделуіне жәрдемдесетін бұл жоба республикада алғаш болып жүзеге асты. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов мәлімдеді.

– «Модельдік пәтер» жобасы мүгедектігі бар адамдарды оңалту мақсатында ашылды. Онда әлеуметтік тұрмыстық, медициналық, психологиялық бағытта қызмет көрсетіледі. Биылдан бастап мүгедектігі бар адамдар өз таңдауы арқылы техникалық оңалту құралдары мен қажетті қызмет түрлерін әлеуметтік қызметтер порталының көмегімен алуда, – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

Бүгінде облыс көлемінде 23 277 әлеуметтік оңалтуды қажет ететін жандардың 87,2 пайызы 8 бағыт бойынша тиісті көмек алған. Айта кетейік, биыл «Өзіңе сене баста» атты мүгедектігі бар кәсіпкерлерге арналған көрме байқауы өткен болатын. Нәтижесінде, жеңімпаз кәсіп иелері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өңірде мүгедектігі бар 30 мыңнан аса адам бар болса, оның бес мыңға жуығы әртүрлі кәсіпте еңбек етеді. Сондай-ақ, биылғы жылы 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысанына толық бейімдеу жүргізіліп, республикалық «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізілді. Шаһарда әлеуметтік, психологиялық кеңес беру мақсатында «Тең қоғам орталығы» ашылып, қызмет көрсетуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: