Жексенбі, 28 сәуiр, 01:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Танымал мүсінші Samsung-тің ескі құрылғыларынан «Тазы» мүсінін жасады

04.11.2023

556 0

Samsung Electronics компаниясы толығымен істен шыққан Samsung электронды құрылғылардан “Тазы” экологиялық мүсінін жасап шығарды.

“Тазы” мүсіні қазақтың жеті қазынасына жататын итіне арнап жасалған. Тазы мен төбет тұқымын сақтауға арналған көрме Алматыдағы Great Service уәкілетті сервис орталығында өтті.

Samsung эко-мүсінді экологиялық өнер саласындағы әйгілі мүсінші Қуаныш Мұхамеджановпен бірігіп дайындады. 

«Бұл мүсін табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын танытып қана қоймай, Samsung-тің еліміздің тарихы мен мұрасына деген құрметін көрсетеді. Адам мен табиғат арасындағы ерекше байланысты бейнелейтін тазы сияқты экологиялық мүсін де өнер мен экологияны өзара байланыстыратын бейнесіне айналады», – деп атап өтті мүсінші. 

Мүсіннің тұсаукесер шарасына эко-белсенділер, блогерлер және ірі университеттердің өкілдері қатысты. Іс-шарада істен шыққан электронды құрылғыларды жинау мен оларды жоюдың әдісі талқыланды.

Samsung Electronics Central Eurasia сервис департаментінің директоры Родион Котов смартфон мен планшет секілді күрделі техникалық құрылғыларды өзге тұрмыстық қоқыспен бірге көміп тастау тек табиғатқа емес, адамдардың денсаулығына да кері әсер ететінін айтты. Сондықтан ескі аппараттарды тұрмыстық қоқыстардан бөлек жою аса маңызды дейді.

«Бұл эко-мүсін барлығымызға шабыт беріп, әр адам кішкентай әрі маңызды қадамдар арқылы планетаны сақтауда үлес қоса алатынын еске салуы керек», – деді Котов.

Сонымен қатар іс-шарада Алматыдағы жоғары оқу орындары арасында Samsung Recycling School экологиялық жобасы аясында өткізілген байқаудың нәтижесі жарияланды. Жобаның мақсаты – жастарды электр қалдықтарын жинау және жоюға ат салысуға шақыру. Нәтижесінде бірінші орын мен Samsung Flip 2 55″ интерактивті тақтасын 29 келі қоқыс жинаған ҚазҰУ жеңіп алды. «Күміс» жүлде мен The Freestyle шағын проекторын 6 келі қоқыс жинаған AlmaU, үшінші орынды 5 келі қоқыс жинаған SDU иеленіп, сыйлыққа Smart M8 Monitor 32″ мониторын алды.

Алматылық студенттер барлығы 46 келі электр қоқысын жинады. Бұдан бөлек Samsung #ЭкоТрендтеБол эко-компаниясының басталғанын мәлімдеді. Оның мақсаты – қазақстандықтарды экологиялық пайдалы іс жасауға шақыру. Осылайша компания қызметкерлері қыркүйекте Баум тоғайында сенбілік ұйымдастырды.

Екі аптаға созылған шара қатысушылары отандастарын саналы өмір салтын ұстануға үгіттеп, түрлі бастамалар бастады. Нәтижесінде 3 белсенді Samsung ресми сайтында сауда жасауға арналған 50 000 теңгелік промокод жеңіп алды. Өзге қатысушылар экологиялық таза болашақ қалыптастыруға қосқан үлесі үшін 5 000 теңгелік промокод иеленді.

Samsung тек тренде болып қоймай, өміріміздің бір бөлігіне айналатын жаңа экологиялық стандарттар жасауға ұмтылады. Компания барлығын осындай маңызды қозғалысқа қосылып, келер ұрпақ үшін әлемді жақсартуға шақырады.

Ақпарат: https://stan.kz/news-390660/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: