Сенбі, 21 желтоқсан, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үміткерлер Қазалы брендін өндірушілермен кездесті

23.12.2020

1577 0

«Nur Otan» партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жарылқап пен Кәдірхан Еңсепов Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкер Н.Қазбергеновтің «Қазалы» кәмпиті өнімдерін шығаратын цех ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында үміткерлер өнім өндірушілерді партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Цехта өткен кездесуде кандидат Бақытжан Дүзелбайұлы

– Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 300-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 15 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грантқа қол жеткізуіне ықпал етеді. – деді.

Сондай-ақ үміткерлер 17 адам жұмыс жасайтын цех ұжымын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қазіргі таңда цехта күніне кәмпиттің 8 түрі бойыша 500 келі өнім шығады. «Соломка», «Барбарис», «Маусым», «Қазалы» кәмпитіне бүгінде сұраныс жоғары. Дайын өнімдер Қызылорда мен Ақтөбе, Орал, Ақтау, Атырау облыстарының тұрғындарына сатылуда.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қазалы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: