Сейсенбі, 23 сәуiр, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сол жағалаудағы сапа қандай?

24.11.2021

1036 0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев сол жағалаудағы №4-ші тұрғын кварталына барып, жаңа үйлердің құрылыс сапасы мен инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілу барысын тексерді. Бұл аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы және ішкі жылу желілерін қамтуды жауапкершілігіне алған «Механизатор» ЖШС мердігер мекемесі.  Жауапты мекеме жоспардағы жұмыстың басым бөлігін орындаған. Қала басшысы серіктестік директорына басты орында сапалы жұмыс екенін баса  айтып, өзнің жіті қадағалауында болатынын жеткізді.

Қазіргі кезде көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілуде. Мәселен, «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС мердігер мекемесі үй арасына бордюрлерді орнатып, асфальт және брусчатка төсеп, балалар ойын алаңын салуда. Ендігі жұмыс шағын сәулет нысандарын қою. Қала әкімі осы аумақтың болашақ тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатындағы игілікті істе кемшілік болмауы керегін айтты. Сондай-ақ  жобаны мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Бүгінде сол жағалаудан апатты деп танылған үйлерде тұрып жатқан азаматтарға 50 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынуда. Нысанның құрылысы желтоқсан айында толығымен аяқталып, пәтер кілті табысталады. Үйдің пәтерлерін аралап көрген қала әкімі жауапты мекеме басшыларына жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы қатаң бақылауында болатынын ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: