Жұма, 19 сәуiр, 10:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

2022 жылы ЖОО мен колледждерге бөлінетін гранттар саны рекордты көрсеткішке дейін жетеді

19.04.2022

708 0

Соңғы бірнеше жылда елімізде оқу гранттарының саны екі есеге артты. Мәселен, 2022 жылы оқу орындарына бөлінген білім гранттарының саны 73 мыңға дейін жетпек. Мемлекет есебінен тегін білім алу мүмкіндігі ЖОО студенттері үшін де, колледж білімгерлері үшін де артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Колледждер үшін білім гранттары биыл рекордты көрсеткішке – 31 мыңға дейін артады. Көбінесе техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Әлеуметтік осал топтар үшін арнайы квота енгізіп, емтихандарды алып тастадық. Гранттар барлық колледжерге берілмейді», – деді Аймағамбетов. 

Министрдің айтуынша, талапкер грантты ұтып алған соң, белгілі бір колледжді таңдайды, аталған оқу орны қаржыландырылады. Министрдің пікірінше, бұл кадр даярлауда колледжердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 

Сондай-ақ, Аймағамбетов әлеуметтік осал топ балаларына арналған квоталар саны өсетінін хабарлады. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасыдан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар балалардың грантты алуға мүмкіндіктері көбірек болады. 

Биыл мемлекеттік грантты бөлу кезінде инженерлік, өңдеуші, құрылыс салаларына, сондай-ақ, педагогика мен жаратылыстану ғылымдарына ерекше көңіл бөлінеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: