Жұма, 29 наурыз, 15:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

50-ге жуық мамандық жабылды

19.04.2022

806 0

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ

Оның айтуынша, ең басты мәселе – берілген білімнің нарықтың талабына сәйкес болуы.

Ол үшін не керек? Басты шарты – академиялық дербестік. Сапа осы мәселеге байланысты. Бұның алдында қалай болды? Қандай пән, неше сағат оқытылу керек, оның мазмұны қандай болуы керек – оның барлығы министірлікпен бекітілетін. Мемлекетпен реттелген. Сондықтан жүйе ескіріп, тез өзгеретін нарықтың талабына сәйкес келмеді. Жаңа мамандық ашу үшін 1-2 жыл кететін болды. Енді университеттерге академиялық дербестік беріліп, олар білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттарға немесе нарық талабына сай әзірлейді. Яғни енді мемлекет емес жұмыс берушінің өзі бұл бағдарламаларды реттеуге мүмкіндік жасады, – деп атап өтті министр. 

Сондай-ақ ол ендігі проблема – нарыққа қандай дағдылар керектігін анықтайтын кәсіби стандарттар жетіспейтігінде деп отыр.  

Колледждерге де академиялық дербестік берілуде. Бұған дейін студенттер ұзақ оқыды (2-4 жыл), жұмыс берушілердің талаптары толығымен ескерілмеді, мектепте оқыған пәндер қайталанды, бір ғана біліктілік ала алды. Енді колледждерге кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын дербес өздері әзірлеу, сондай-ақ оқу мерзімдерін өздері айқындау мүмкіндігі берілді. Маман бір ғана емес, үш біліктілікке дейін алып шығатын болды. Ескірген мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар ашылуда. 50-ге жуық ескі мамандықтар бойынша дайындық тоқтатылды, – деді ведомство басшысы.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: