Бейсенбі, 18 сәуiр, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы шет аймақтағы мектептердің оқу жылына әзірлігін саралады

25.08.2021

702 0

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биыл оқу жылы барлық санитариялық талаптар сақтала отыра дәстүрлі форматта өтеді.

Қызылорда облысындағы барлық білім ошақтары жаңа оқу жылын дайын. Ұстаздар мен ата-аналар мектепке «Ашық» қосымшасы арқылы кіреді. Ал, оқушылар 5 сатылы дезинфекциялық тексерістен өтіп барып, мектепке кіре алады. Қарым-қатынасты шектеу үшін «1 сынып-1 кабинет» қағидасы енгізілген. Яғни оқушылардың қоңырауда топтасып қалуына жол берілмейді. Бұл ретте мектептердің оқуға әзірлігін бақылау күшейді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өткен аптада қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын сараласа, бүгін аймақ басшысы қаланың шеткі аймақтары мен Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі елді-мекеніндегі білім ошағын аралап көрді.

Алдымен өңір басшысы М.Шоқай атындағы №187 ІТ-мектеп-лицейіндегі оқу жылына даярлық барысын пысықтады.

Білім ордасында 1134 оқушы екі ауысымда білім алады. Биыл 108 оқушы 1-ші сынып табалдырығын аттайды. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтауда мектептің кіре берісіне турникет, дене қызуын өлшейтін арнайы құрал орнатылып, білім алушылардың дене қызуы өлшенеді. Бүгінде 115 мұғалімнің 108-і коронавирусқа қарсы екпе алған.

Жаңа оқу жылында мектеп ғимаратында орталықтандырылған дабыл нүктесі және арнайы күзет мамандары жұмыс жасайды. Оқу процесін ұйымдастыру үшін мектепте инновациялық жоба да қолға алынды. Яғни, әрбір оқушыға QR-код енгізілген дербес карта беріледі. Онда оқушылар, олардың ата-анасы туралы деректер енгізілген. Ас, мәзірі, кері байланыс және асханада төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Мұнан соң аймақ басшысы №212 мектеп-гимназиясына барды. Мұнда да сақтық шараларына жете мән берілген. Оқушылардың қауіпсіздігін 30 бейнебақылау камерасы жүзеге асырады. Білім ордасынының ұстаздары вакцинаның толық курсын алған. Мұнда биыл 130 бала бірінші сыныпқа барады. Жағдаймен танысқан облыс әкімі оқушылардан бөлек ұстаздардың да маскалық режимді қатаң сақтап, тазалық жұмыстарын жиі ұйымдастырып отыруды тапсырды.

Облыс әкімі Ақсуат ауылдық округінде орналасқан №268 мектеп-лицейіне де барды. Мұнда аймақ басшысының назарына мектептің қосымша құрылысы таныстырылды. 200 орындық 3 қабатты ғимарат құрылысы сәуір айында басталған. Қыркүйекте пайдалануға берілмек. Жоба құны 380 миллион теңгеден асады. Мұндай шешім елді-мекендегі демографиялық және географиялық жағынан үлкеюімен қабылданды. Білім ошағында қызмет ететін ұстаздардың 98 пайызы екпе алған.

Облыс әкімі Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылындағы Ә.Жәмішев атындағы №129 мектеп-лицейінің жаңа оқу жылына дайындық барысын қарады. Қазірде оқушылардың барлығы қажетті оқулықпен толық қамтылған. Мұнда да бейнебақылау

камералары, дезинфекциялық тоннель, әр сыныпқа кварц шамдары мен санитайзерлер қойылған. Мектепте қызмет ететін ұстаздардың 98,6 пайызы екпе салдырған.

Жалпы Сырдария ауданы бойынша биыл 8000-нан астам оқушы білім алады. Оның 805-і мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Оқушылар оқулықпен толық қамтылған. Ол үшін облыстық бюджеттен 43 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал аудан ұстаздарының 97 пайызы індетке қарсы вакцина алған.

Білім ошақтарын аралаған облыс әкімі білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымоваға жаңа оқу жылына дайындықты тағы бір пысықтап, оқушылардың еш кедергісіз білім алуы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: