Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Айжан Қиянбекова: Дарынды оқушыларға арналған олимпиадалар ұйымдастырылып жатыр

14.04.2022

1211 0

Облыстағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының үздіктері халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде. Аталған білім беру орталығында соңғы он жылда 500-ден астам оқушы жеңімпаз атанған.

«Жылдан жылға пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың маңызы артып келеді. Бүгінде оқушыларымыз халықаралық, республикалық дәрежедегі білім додаларында бақ сынауда. Биыл халықаралық «Жібек жолы», «Азия-Тынық мұхиты» олимпиадасында 1 оқушымыз күміс медаль, 7 оқушы қола медаль иегері атанды. Жас өрендерді ғылым жолына бағыттайтын республикалық ғылыми-жобаларда 7 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 3 оқушымыз Қорқыт ата атындағы ҚУ білім грантын ұтып алды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің қолдауымен дарынды балаларға арналған «Сыр дарыны» білімділер академиясының жұмысы жандануда. Жалпы білім беру ұйымдарында 8-9 сыныптың 100 оқушысы бірнеше пәндер бойынша оқыту курстарының бірінші кезеңінен өтіп жатыр», – деді «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Айжан Қиянбекова.

Айта кетейік, талантты балаларды және жастарды қолдау мақсатында «Ел үміті» бастамасы облыста кеңінен жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: