Бейсенбі, 18 сәуiр, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Алаш әдебиетін орта мектепте және ЖОО-да оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті

19.03.2022

709 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қауымдастырылған профессор, ұстаз, ғалым Айман Айтбаеваның 60 жасқа толуына арналған «Алаш әдебиетін орта мектепте және ЖОО-да оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының ғалымдары, университеттің оқытушы-профессорлар, білім алушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Белгілі ғалымның мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада оның еңбектері сараланып, ғылымға қосқан үлесі айтылды.

Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Ұлжан Жанбершиева, филология ғылымдарының кандидаты Болат Боранбай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлжаһан Орда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Гаухар Балтабаева, филология ғылымдарының кандидаты Бекзада Қожакеева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Райхан Имаханбет, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Гауһар Асқарова баяндама оқыды.

Айман Ералықызы – Қорқыт ата атындағы университетінде 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Қазіргі таңда Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы. Саналы ғұмырында ҚР Білім беру саласында шығармашыл, тәжірибелі ұстаздық қызметі үшін «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, Қармақшы аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға зор үлес қасқаны үшін облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Қызылорда біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері бойынша «Қазақ прозасындағы тарих романдардағы ұлттық қаһарман бейнесі», «Мәңгілік ел идеясы», «Қазақ прозасындағы антропология», «Қазіргі қазақ драматургиясының жаңалықтары жайлы» зерттеу жұмыстарының авторы. Ғалымның 140-тан аса ғылыми мақаласы, оқу-әдістемелік мазмұндағы еңбектері мен 1 монографиясы бар. Сонымен қатар, 4 ғылым магистріне жетекшілік еткен.

Айта кетейік, республикалық ғылыми-әдістемелік конференция Гуманитарлық-педагогикалық институты Кеңесінің салтанатты мәжілісіне жалғасып, «Жаралған көрмек үшін дүние сарай…» кітабының тұсаукесері өтті. Университет басшысы Бейбіткүл Кәрімова мерейтой иесіне қазақы дәстүр бойынша құрмет көрсетті. Сонымен қатар, Айман Ералықызына облыс әкімінің Құрмет грамотасы, «Ахмет Байтұрсынов» атындағы алтын медалі табысталды. Салтанатты жиын барысында сөз алған қонақтар мен ғалымның шәкірттері, әріптестері ақжарма ізгі тілегін білдіріп, естелік суретке түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: