Сейсенбі, 23 сәуiр, 16:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ақзира Қасымова дарынды оқушылармен кездесті

18.03.2022

847 0

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен республикалық «Зерде» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті.

Онлайн форматта өткен жиында Ақзира Бақтыбайқызы білім бәйгесінде оза шапқан 29 оқушы мен жетекші ұстаздарды және ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттады.

Кездесуде басқарма басшысы дарынымен дараланған Сыр дарындарына алдағы білім бәйгелеріне сәттілік тіледі.

«Бұл Сыр жұлдыздары өңіріміздің ғана емес, республика көлемінде білім бәйгелерінде аймақ абыройын асқақ етіп жүрген өрелі өрендер. Осы орайда біз бүгін білімді де дарынды, өнерлі де талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып, марапаттау үшін жиналып отырмыз. Атап айтар болсақ, ХVII республикалық «Зерде» конкурсына Қызылорда облысы бойынша 18 жобамен 21 оқушы қатысып, нәтижесінде 16 жобамен 18 оқушы жүлделі Гран-При, І, ІІ ІІІ дәрежелі дипомдармен және 3 оқушы грамота иеленді. Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаларда 23 жоба қатысып, 7 оқушы жүлделі орын, 2 оқушы алғыс хат иеленді. 3 түлегімізге Қорқыт ата атындағы университетінің гранты берілді. Бұл ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ата-аналардың ерекше қолдауының арқасында жеткен жетістіктер деп білемін. Сіздердің аймағымыздың абыройын асқақтатқан осы жетістіктеріңізбен мақтанамыз», – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: