Жұма, 29 наурыз, 15:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аттестат алған күн

21.06.2022

558 0

Биыл аймақ бойынша 7506 түлек алтын ұя мектеппен қоштасты. Бозбала мен бой­жет­кендердің бал-бұл жан­ған жүзінен шаттық шуағы сезіледі. Көңіл түкпірінде алаң­даушылық пен қимастық та жоқ емес. Бұл кеш олардың үлкен өмірге алғашқы қадам­дары болмақ.

Қаламыздағы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі­нің түлектеріне облыстық бі­лім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов аттестат табыс­тады.

– Бүгінгі жас түлектері­міздің әрқайсысы алтын ұя мектеп­терінде 11 жыл оқып, сапалы білім мен саналы тәр­бие алып, «Өмір» атты үлкен теңізге аяқ басуда. Әрине, бұл өмірдің талай кедір-бұдыры болатыны сөзсіз. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз осы жолда сенімді серік болады деп сенемін. Бар білімдеріңізді Жаңа Қазақстанның, туған жерлеріңіз Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне жұм­сап, үлкен жетістікке жете беріңіздер, – деді Бағдат Камбозұлы.      

Аймақтағы мектеп түлектері ішінде 6404 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның 415-і «Алтын белгі» иегері атанып үміттері ақталды. Ал 804 оқушы «Үздік аттестат» иегері болды. Сонымен қатар биыл 15543 оқушы 9-сыныпты бітіріп, негізгі орта білім туралы аттестат алды. Оның ішінде 1765 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.  

Қаламыздағы Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің оқушысы Мадияр Мұзаппар «Алтын белгі» иегері атанды. Өз кезегінде біз де білім бәсекесінде дараланған түлектің қуанышына ортақтасып, қандай сезімде тұрғанын білдік.

– Ұстаз, шәкірт, ата-ана бәрі «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» білім шыңына жету үшін жұмыс істейді. Осындай та­бандылық пен ерен еңбектің арқа­сында оқушыларға 11 жыл білім береді. Уақыт шіркін, дегенін істейді. Кеше ғана киелі шаңырақтың табылдырығын ат­таған бүлдіршін едім, 11 жыл зулап өте шығыпты. Сапалы да саналы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарыма, мектеп ұжымына алғыс айтамын. Маған сенген жандардың үмітін ақтағаныма қуаныштымын. «Алтын белгіні» алу жолында көп күш жұмсалды. ҰБТ-ға ал­дыма мақсат қойып, дайындалдым. Болашақта еліме адал қызмет етуді армандаймын. Жас түлектерге сәттілік тілеймін. Біздің алға қойған жоспар мен мақсаттарымыз көп, – дейді Мадияр Болатбекұлы.

А.АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: