Сенбі, 21 желтоқсан, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауылдың «ұстазы – талапты, шәкірті – талантты» болуы тиіс

18.05.2023

681 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы №39 «Қызылөзек» орта мектебінің ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді.

Жиында мектеп директоры Жасұлан Махмұтұлы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

– Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі 1997 жылдан бастап мектеп ғимараты жаңадан қолданысқа берілген. Жалпы сыйымдылығы 360 орындық мектеп. Қазіргі таңда мектепте екі ауысымда 0-11 сыныптар арасында 476 оқушы оқиды. Мұғалімдер санатына келетін болсақ, педагог-зерттеуші санаты бойынша-24 мұғалім, педагог-сарапшы санаты бойынша -19 мұғалім, педагог-модератор санаты бойынша -16 мұғалім, педагог санаты бойынша -9 мұғалім. 1 санат бойынша-1 мұғалім, 2 санат бойынша -2 мұғалім. Жоғары білімді -67 мұғалім, арнаулы орта – 4 мұғалім, магистр дәрежесі бойынша 2 мұғалім бар, – деді мектеп директоры.

Жиында Ерлан Теңізбайұлы мұғалімдер еңбек демалысына жаңа оқу жылындағы сағатынан хабардар болып кету керектігін де назардан тыс қалдырмады. Сонымен қатар, олимпиада мен мұғалімдер арасында өтетін кәсіби байқауларда нәтижеге қол жеткізу керек екенін айтты. Ауылдың «Ұстазы – талапты, шәкірті – талантты» болуы тиіс. Сол үшін оқушыларды түрлі үйірмелерге тарту қажет деді. Бөлім басшысына мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: