Жұма, 19 сәуiр, 17:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Балалар жылына орай арнайы кабинеттер ашылады

28.07.2022

881 0

Қызылорда облысында Балалар жылына орай 28 мектептен инклюзивті қолдау кабинеті, 47 балабақшадан логопункт және 2 ауданнан инклюзивтік ресурстық орталық пен 2 балабақшадан аутизм кабинеті ашылады. Олар балаларға әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бұзылысына қарай жағдай жасалатын болады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы өңіріміздегі мемлекеттік балабақшалар арнайы маман және кабинеттермен 100% қамтамасыз етіледі. Онда ерекше балалармен тәжірибелі арнайы мамандар жұмыс жасайтын болады. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.
Облыстық білім басқармасы ПМПК желісін 50 000 балаға жеткізу мақсатында 2023 жылы 1 ПМПК ашу жоспарлап отыр. Осылайша, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
Сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарының желісін арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні облысымызда 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы және 3 арнайы мектеп интернаттары жұмыс жасаған болса, Балалар жылы қарсаңында биыл 1 аутизм орталығы ашылып отыр.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: