Жұма, 03 мамыр, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды таяқпен ұрған

18.01.2024

336 0

Сурет: massaget.kz

Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған. Оқиға осыдан екі күн бұрын Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінде болған – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған.

Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

«Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды», – делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: