Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Белсенді жастар «Startuphana Kyzylorda» семинарына қатысты

28.10.2021

777 0

Студент болса да, бизнес бастап, кәсіпкер ретінде танылып үлгерген жастар бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде олардың стартап идеяларына қолдау білдіретін бірден-бір орталық – «Business Start» бизнес-инкубаторы.


Жуырда орталықтың қолдауымен белсенді жастар «Startuphana Kyzylorda» семинарына қатысты. Ауқымды шараны «Business Start» бизнес-инкубаторы, Astana Hub халықаралық технопаркі және облыстық ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырды.

Университеттің ғана емес, колледж бен мектептердің де білім алушылары қатысқан семинарда стартапты бастау, идеяларды іске асыру, инвестиция тарту бойынша маңызды ақпараттар айтылды.

– Студенттердің көбін стартапқа идея табу, қаржы көздерін тарту мәселелері алаңдатады. Кейде стартаптар жүзеге аспайды. Мұның басты себебі идеяның сұранысқа ие болмауында. Сондай-ақ, менталитеттің ерекшелігі де, біліктіліктің жоқтығы мен бәсекелестердің көп болуы да әсер етеді. Бизнес бастау үшін қазіргі трендтерді зерттеу, эксперт болу, нарықтың әлсіз тұстарын табу аса маңызды, – деді «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев.

«Business Start» бизнес-инкубаторы осы кезге дейін жастарға арналған «Startup meetup» кездесулерін өткізген болатын. Алдағы уақытта бизнес-инкубатор «Hack-masters» стартап жобалар хакатонын ұйымдастырмақ.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: