Балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігінен бөлек олардың дұрыс тамақтануы да еліміздегі әлеуметтік саясаттың басым бағытының бірі. Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуына сапалы тамақтандыруды ұйымдастырудың маңызы зор. Өскелең ұрпақтың саулығын ойлаудан туған бұл бастаманы жүзеге асыруда ең алдымен сапаға, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мән беру қажет.
Мектепте дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жетекші бейінді сарапшылармен бірлесіп білім беру ұйымдарына арналған Үлгілік перспективалық мәзірді әзірледі.
Мәзір қауіпсіз, теңдестірілген және ғылыми негізделген, балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған, онда жас ерекшелік санаттары, маусымдылығы, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген.
Мәзірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша ұсыныстары ескерілген. Мысалы, балалар тәулік бойы болатын ұйымдар үшін қант мөлшері 6-10 жас ерекшелік тобында – 55 г-нан 15 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 70 г-нан 21 г-ға дейін, яғни 3,3-3,6 есе азайды. Тұз 6-10 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 3 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 4,5 г-ға дейін, яғни 3,3-5 есе азайды.
Негізгі мәзірге ет, балық және көкөніс тағамдары, жаңа піскен көкөністен жасалған салаттар және қант мөлшері аз сусындар кіреді.
Балалардың өсуі мен дамуы, сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін рационға майы аз сүт, пробиотиктері бар сүт қышқылы өнімдері кіреді және көкөністер мен жемістердің көлемі арттырылған. Жалпы, облыс¬тағы 297 мектептің 290-ында ыстық ас бе¬р¬ілсе, жетеуінде буфеттік құрғақ тамақ ұйымдас¬ты¬рылған. Мектеп асханасындағы тамақтандырудың сапасына бақылау жасау мәселесі де назардан тыс қалмайды.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысныың СЭБД басшы міндетін атқарушы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!