Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Білім министрлігі: 24 қаңтардан бастап мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді

20.01.2022

911 0

24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі келесідей:

– мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды;

– 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептерде –толыққанды офлайн оқу ұйымдастырылады;

– 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде толымдық жобалық қуаттың 50% аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4 сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады;

– 5-11 сынып оқушылары – мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, ауысымдар мен ішкі ауысымдардың жұмысын ұйымдастыру, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтініштерін ескеру ұсынылады.

Ал мектептерден тыс ұйымдардағы оқу: жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) – жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде жүргізіледі.

Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқыту аралас форматта: практикалық, лабараторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: