Сенбі, 27 сәуiр, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Білім саласына мән беру қажет

31.05.2022

684 0

Қалалық мәслихаттың кезекті 20-ы сессиясы өтті. Күн тәртібінде білім саласының мәселелері кеңінен талқыланды. «Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қызылорда қаласында білім беруді дамыту» мәселесіне қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова кеңірек тоқталып өтті.

– «Үздік аттестат», «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білім сапасының жағдайына тиісті талдамалар жүргізіліп, талап қойылды. Соның нәтижесінде биыл «Алтын белгі» алатындар азайды. Яғни, білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жасалады. Білім ұйымдарын күрделі жөндеу жұмыстарына дайындалған жобаға қаражат бөлу қарастырылады.  Жекеменшік балабақшалар мен қосымша білім беру орталықтарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу қажет. Оқушылардың жол қауіпсіздігі жағдайын басты назарда ұстау талап етіледі, – деді Ақзира Қасымова.

Қаламызда күрделі жөндеу көрмеген мектептер де жоқ емес. Бүгінгі таңда білім сапасына қойылар талап көп. Сондықтан да балалардың таза, жылы, заман талабына сай жабдықпен қамтылған ғимаратта оқуы маңызды. Сондай мектептердің бірі – С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Халық қалаулылары балабақшаларды газдандыру, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, үш ауысымдық мектептерді болдырмау мақсатында жұмыс істеу керектігін атап өтті.  Облыс бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін 20 мектеп болса, оның 11-і қалада екен.  Сондықтан оларды жөндеуден өткізу мәселеріне қатысты жоспарларды жүзеге асыру қажет.

 Сонымен қатар сессия барысында «2022-2024 жылдарға арналған кент және ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу», «Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу», «Қызылорда қалалық жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы» мәселелер жөнінде баяндама жасалды.

Сессия соңында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: