Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Болашақтың» болашағы зор

10.02.2024

516 0

Қызылорданың қақ ортасын жара ағып жатқан Сыр өзенінің сол жағалауына қарағанда көзге бірінші болып «Болашақ» университетінің 14 қабатты ғимараты түседі. Зәулім де биік ғимарат қала көркіне сән беріп, сол жағалаудың тіршілігіне қан жүгіртіп-ақ тұр. Сәрсенбінің сәтінде аталған оқу орнында «Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері» тақырыбында жиын өтті.

Университеттің 14-қабатындағы мәжі­ліс залында өткен жиынға аймаққа бел­гілі журналистер, сала ардагерлері, рес­публикалық газеттердің меншікті тілшілері мен журналистика мамандығында оқитын студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел форматында өткен жиында «Болашақ» университетінің құрыл­тайшысы, академик Бақберген Досмамбетов тілектестік білдірді.

Сонан соң «Сыр медиа» ЖШС ди­ректорының міндетін атқарушы Марат Аралбаев серіктестікте атқарылып жатқан жұмыстар мен журналистерге көрсетіліп жатқан игіліктерге тоқталды. Сондай-ақ газетке жазылудың өз артық­шылығы бар екенін атап өтті.

«Болашақ» университетінің оқыту­шысы, филология ғылымдарының кан­дидаты, «Әлімсақ» журналы мен «Ұстаз мәртебесі» газетінің редакторы Нұрлан Көбегенұлы жас мамандарды даярлау барысын сөз етті.

Жиында «Болашақ» университетінің оқытушысы, ардагер-журналист Айткүл Шалғынбаева мемлекеттік тапсырыстың мән-жайына тоқталды.

– Мемлекеттік тапсырыс журналис­тердің көзқарасына әсер етпегені жөн. Мамандар әркез еркін, қалаған кезінде мәсе­лелерді көтеріп, түйіні тарқағанша тереңіне бойлағаны абзал, – деді ардагер-журналист.

Іс-шарада дәстүрлі журналистика мен жаңа медианы сабақтастыру жайы да өзекті екені айтылды. Бұл тақырыпқа тоқталған республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев мамандар жаңа көшке ілесе алғаны дұрыс деген пікір білдірді.

Басқосуға қатысқан студенттер түрлі сұрақ қойып, мамандармен пікір алмасты. Іс-шара соңында қонақтарға оқу ғимараты таныстырылып, білім берудің жаңа инно­вациялық бағыттары көрсетілді.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: