Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 13:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Болашақ» қалай бой көтерді?

01.12.2020

1551 0

Бодандықтан бостандық алып, тәуелсіздікке қолы жеткен елдің жүгін арқалаған ел баласын халқы бүгінде Елбасы атайды. Күрмеуі қиын кезеңде елді бірлікке, татулыққа ұйыстыра білген, сарабдал саясаты арқасында қазақ жерін, елін өркениетке бастаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елі үшін еткен еңбегі зор.

Егемендік алған тұста Сыр елінің де ертеңі қалай болары белгісіз болған еді. Бұл туралы ел аузында жиі айтылады. Десе де Елбасының көрегендігі мен тәуекел етуінің нәтижесінде аймағымыз болашаққа нық қадам басты, өсті, өркендеді. Бүгінде Сыр бойы елімізде экономикалық әлеуеті жағынан алдыңғы қатарда.

Тұңғыш Президентіміз іссапар барысымен облысқа талай мәрте табан тіреді. Аймақ ахуалын көзбен көрді, көңілге тоқыды. Кезекті іссапармен 2016 жылы келген еді. Бұл кезде дарияның сол жақ бетінде жаңа қала бой көтере бастаған. Сол жағалаудың бас жоспарымен танысу барысында ондағы «Болашақ» университеті ғимаратының құрылысы Елбасының назарын аударған екен. Бұл туралы жоба авторы, оқу орнының ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов былайша еске алды.

– Осыдан 4 жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы облысқа іссапармен келді. Сол тұстағы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев сол жағалаудың жобасымен таныстырды. Бір уақытта Қырымбек Елеуұлы мені қол бұлғап шақырды. Қасына барғанда Елбасы менен: «Оқу ғимаратын дария маңына жақын салу қауіпті емес пе?» деп сұрады. Мен жалпы құрылыс жобасын егжей-тегжейлі түсіндірдім. Осыдан соң риза болған кейіпте «Білім ордасының ашылуына шақырасың ба?» деді.  Әрине, Елбасының өзі «Болашақ» университетінің ашылуына келіп, жастарға батасын берсе керемет емес пе? Дегенмен белгілі себептермен Тұңғыш Президент  Нұрсұлтан Әбішұлына мерейлі сәттің куәгері болу сәті түспеді, – дейді ол.

Одан бері де біршама уақыт өтті. Бүгінде «Болашақ» университеті сол жағалауға көрік берер әсем ғимаратқа айналған. Қалаға оқу іздеп келген жастардың білім алуына бар жағдай жасалған. Оқу ғимараты маңынан жатақхана, спорт кешені бой көтеріп, айналасы жасыл желекке, алма бағына айналған. Алдағы уақытта 1250 орындық  конгресс холл салынып, білім ордасы өркен жаймақ. Бұл да болса Елбасының Сырдың іскер азаматына деген ризашылығы мен ілтипатының жемісі болар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: