Сейсенбі, 07 мамыр, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Екі мың қызылордалық оқушы «Тәуелсіздік сабағына» қосылды

21.09.2021

620 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәуелсіздік сабағы» өтті.

Сабақтың негізгі тақырыбы Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы жетістіктеріне және бүгінгі мектеп оқушыларының ел болашағы үшін жеке жауапкершіліктерін сезінуге бағытталды.

Тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Зейнолла цифрлық және бейне ресурстарды пайдалану арқылы түрлі форматтағы оқыту әдістерін қолдана отырып, осы жылдар ішінде еліміздің айтулы оқиғаларына тоқталды. Жас зияткерлермен бірге Қазақстанның әлемдік аренадағы алғашқы қадамдары мен демография, экономика, саясат және білім салалырындағы маңызды шешімдерін талдады.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел егемендігінің қалыптасуы мен нығаюына қосқан үлесі ерекше айтылды.

«Тәуелсіздік елімізге өзіндік даму жолын таңдауға, мемлекеттік тілді, рәміздерді, құндылықтарды, салт -дәстүрлерді насихаттауға мүмкіндіктер берді», – деді 11-сынып оқушысы Зарина Мұратбекова.

Виртуалды телекөпірге ұзақ жылдар бойы NIS –пен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайтын 70 -тен астам ауыл мектеп оқушылары да қосылды. Ж.Маханбетов ауылындағы №143 орта мектебінің мұғалімі Индира Мұханова мұндай сабақтар өскелең ұрпақты патриот болуға үйрететінін айтады:

– Зияткерлік мектеп мұғалімі жүргізген сабақ өте танымды өтті. Еліміздің дамуына бағытталған стратегиялық бағдарламалар мен идеяларына талдау жүргізген өрендер мемлекеттің келешек дамуы жайында өз көзқарастарын білдірді.

Сабақтың негізгі кейіпкерлерінің қатарында тәуелсіздік құрдастары болды. «Абзал және К» ЖШС-нің бөлім басшысы Қуандық Темірнұров пен Зияткерлік мектеп педагогы Дина Әшірбаева Қазақстанның болашағының дамуы жайында өз пікірлерін білдіріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: