Жексенбі, 06 қазан, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Екі жақты меморандумға қол қойылды

25.12.2020

1025 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірдегі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта NIS ұжымы университеттің оқыту бағдарламаларын әзірлеуге көмек көрсетіп, заманауи педагогтарды даярлау үшін ықпалдасатын болады.

-Университеттің білім беру бағдарламасы жұмыс берушінің талаптары мен ұсыныстары ескеріліп құрастырылатын болады. Алдағы уақытта пән оқыту әдістемесі бойынша мектептің практик мамандарын университетке шақырту арқылы, педагогтарды даярлауда бірлескен шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектебі бұған дейін де Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Мектеп жанынан «Химия, биология, география» және «Физика мен математика» кафедраларының филиалдары ашылып, университет профессорлары балалардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін арттыруда өз үлестерін қосып келеді. Келісімге сәйкес университет студенттерінің мектепте кәсіптік практикадан өту және жас мамандардың жұмысқа орналасу жобалары өз жалғасын табатын болады.

-27 елді қамтитын халықаралық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, оқушының оқу жетістіктеріне тікелей әсер ететін фактор ол – мұғалім мен оқыту сапасы. Зияткерлік мектептерін өндіріс орны деп айтуға болады. Көптеген заманауи бағдарламалар, бағалау жүйесі, оқытудың озық тәжірибесі бүгінде барлық мектептерге таратылып жатыр. Университет ұстаханасында дайындалатын педагогтарды даярлауда өзіміздің  озық тәжірибемізбен бөлісуге және  бағыт-бағдар беруге дайынбыз. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстарымыздың жемісін көреміз деген ойдамын, – деді мектеп директоры Бахыт Жұматай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: