Жұма, 27 желтоқсан, 01:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлназ жасаған эко косметика

05.03.2024

438 0

Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Тағыберген Гүлназ Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінен өтіп, конкурстың қорытынды республикалық кезеңінен 1ші орын иегері атанды.

Бұл жобаны биология пәні мұғалімі әрі жетекшісі Мөлдір Жандосқызының кеңесімен бірге таңдаған. Жалпы қазіргі таңда қыз келіншектер үй жағдайында косметикалық өнімдерді жасай бермейді. Сондықтан күріш ұнтағынан, қайнатпасынан бетке арналған маска, скраб , крем, шашқа спреи, тонер, сыворотка, энзимная пудра, ваннаға арналған бомба, сабын түрлерін жасаған.

Күріштің құрамында шаштың, тырнақтың және терінің күйіне оң әсер ететін дәрумендер, аминқышқылдар мен микроэлементтер бар екен. Бұл эко өнімдердің ерекшелігі – ол терінің кез келген түріне сәйкес келеді. Күріш ұнтағы терінің қызметін жақсартуға көмектеседі ,тазарту үшін қолданылады.

Гүлназ күріштен жасалатын экоөнімдер барлық бет терісіне пайдалы екенін, ешқандай химикатсыз жасалатын бұл өнімдерді болашақта арнайы зауыттарда өңдіріліп, ел игілігіне қолданылу керектігін айтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: