Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова ардагер ұстаздарға ілтипат білдірді

02.03.2022

1430 0

Алғыс айту мерекесі аясында М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде білім беру саласына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға арналған арнайы кабинет ашылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ұрпақтар сабақтастығын жалғап келе жатқан ардагер ұстаздармен кездесіп, арнайы кабинеттің ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Алдымен облыс әкіміне облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кешенді жұмыстардың нәтижесін тізбеледі.

Жаңадан ашылған кабинет білім беру мен тәрбие жұмысында ардагерлердің келешекте белсенді атсатылысып, тәрбиелік мақсатта кеңестер өткізуіне қолайлы етіп жабдықталған. Яғни сала ардагерлерінің жұмыс тарихынан фотокөрме қойылып, құрмет бұрышы әзірленген.

Басқосу барысында аймақ басшысы қазыналы қарттарға ілтипат білдіріп, 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, ардагерлердің парасаты мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа насихаттау жұмыстары ұдайы түрде дәріптелетінін айтты.

«Жаңару айының алғашқы күні құрметімізді ұстаздан бастайық деген игі оймен заманауи үлгідегі кабинетті ашып отырмыз. Бұл кабинет ардагер ұстаздар бас қосып ақылдасатын, келелі ой, зерделі сөз айтатын орталық болады деп сенемін. Ізгілікке толы Сіздердің әрбір тәжірибелеріңіз, асыл қасиеттеріңіз бен ғибратты ғұмырларыңыз жастарға үлгі деп білемін», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Шара соңында облыс әкімі ардагер ұстаздармен пікір алмасып, білім саласын жетілдіру мен саналы ұрпақ тәрбиелеу төңірегінде әңгімелесті. Ардагерлер өз тарапынан білім саласының бүгінгі беталысын бағамдап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, бүгінгі күні өңірде 5 мыңнан аса білім саласының ардагері болса, оның 1867-сі Қызылорда қаласында тұрады.

Гүлшара Әбдіқалықова ардагер ұстаздарға ілтипат білдірді
Гүлшара Әбдіқалықова ардагер ұстаздарға ілтипат білдірді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: