Жұма, 26 сәуiр, 06:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кезектен тыс кеңес өтті

15.05.2023

467 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы №253 орта мектебінің ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді.

Кеңесте бөлім басшысы оқушыға мектеп ішінде жағдай жасалу, мектеп бітіру кешіне ақша жиналмау керегін қатаң ескертті. Сонымен қатар, мұғалімдердің сағаты дұрыс бөлу қажеттігін де тілге тиек етті. Жиында мектеп директоры Зейнулла Мырзаханұлы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

– Жалпы 2022-2023 оқу жылында оқушы саны -1214 білім алуда. Сабақ беретін мұғалімдер саны -123. Сабақ беретін мұғалімдердің санаттары тралы мәлімет зерттеуші-36, сарапшы-40, модератор-23, жоғары санатты -2, І санатты-3, ІІ санатты 1 оқушыларға білім беруде. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары мен мұғалімдер түрлі сайыстарға, байқауларға қатыстырылды. Байқаулар нәтижесінде оқушылар мен мұғалімдер облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен», Өрлеу біліктілік арттыру ұлттық орталығының «Құрмет грамотасымен», қалалық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Уақытымен ұйымдастарылған кәсіби байқаулардан мұғалімдер жүлделі орындарға ие болды. Республикалық пәндік олимпиадаларға оқушылар қатыстырылып, 6 оқушы жүлделі орынға ие болды. 2022-2023 қалалық кезеңге 29 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлдегер атанды, – деді мектеп директоры.

Жиында Ерлан Теңізбайұлы мұғалімдер еңбек демалысына жаңа оқу жылындағы сағатынан хабардар болып кету керектігін де назардан тыс қалдырмады. Бөлім басшысына мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: