Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Колледждерге бөлінетін оқу грантының саны артады

15.02.2022

815 0

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2022 жылы колледждерде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 10 000 орынға артатынын мәлімдеді. 107 мың қазақстандық студент колледждерде мамандықтарды тегін меңгере алады. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.

«9-сыныпты бітірушілердің барлығы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен тегін оқи алады. Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қарастырылған еді. Ауыл жастары да квота бойынша мемлекеттік тапсырысты алады», – деді Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырыстарды «Ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа механизмін әзірледі. Яғни бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім бөлімдері орналастырған болса, енді колледждер арасындағы мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінетін болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: