Сенбі, 25 мамыр, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Магистранттар мен PHD докторанттарына грант үш есе көп бөлінеді

16.02.2023

590 0

Қазақстанда ғылыми жаңалық ашқысы келетін жастардың саны азайғандықтан, магистратура мен PHD докторанттарына бөлінетін грант санын үш есе көбейту көзделіп отыр. Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде кезең-кезеңімен жас ғалымдардың айлығы көтеріліп, жайлы жұмыс істеуіне жағдай жасауға уәде беріп отыр. Сондай-ақ министр Түркияда қиын жағдайға тап болған Қазақстан студенттерін қабылдауға дайын екендерін айтты. Қазіргі таңда Түркияда 8 мыңдай отандасымыз оқиды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Саясат Нұрбек шетелде білім алып жүріп, басына іс түскен барша азаматтарға әрдайым жағдай жасалатынын мәлімдеді. Олар үшін қабылдау ережесі де өзгертіліпті. Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек сырттай білім беру жүйесінің енді болмайтынын қосып өтті. Себебі тек сессия кезінде ғана төбе көрсетіп, диплом алған мамандар қазіргі таңда сапасыз кадрлар қатарын көбейтіп жүр.

Бұдан бөлек Үкіметте ғалымдардың жағдайы да сөз етілді.  Айтуынша, ғылыми-зерттеу орталықтарында кеңестік дәуірдің көзіндей көне зерттеу құрылғылары тұрады. Көбіне тек музей экспонаты ретінде тұрған бұл аппараттар ғылымға деген қазіргі жастардың ынтасын жояды. Сол себепті әуелі ғалымдардың жұмыс орнын заманауи техникамен жабдықтап, жалақысын өсіруге уәде берді. 

“2022 жылдың қыркүйегінен бастап 1 200 жетекші ғалымның жалақысын 70%-ға өсірдік. Біздің ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы 150-200 000 теңге болған. Жарты жылда 252 мыңға өсті. Бұл орта жалақысы. Қазір сол 1 200 ғалым маманымыз 1,5 миллион теңге көлемінде алады”, – деді Саясат Нұрбек. 

Бакалавриаттан кейін білімін ғылыми дәрежеге дейін өсіргісі келетін жастарды көбін оқу ақысының қымбаттығы тоқтатады. Сондықтан министрлік магистратура мен PHD докторанттарына гранттарды үш есе көбейтіп, бакалавриатпен теңестіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ғылым жолын қууды қалайтындар енді Қонаев қаласында салынатын академиялық қалашықта білім алады. 

Қазір мұнда әкімдік тарапынан 97 гектар жер бөлініп, өндірістік аймақта құрылыс жұмыстары басталды. Дәл осы қалашықта Алматының ең белді жоғарғы оқу орындарының ірі факультеттері де көшіріледі. Бұл бір мезетте 35 университетте 255 мың студент білім алып жатқан Алматының жүктемесін азайтуға сеп болады екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: