Жұма, 03 мамыр, 21:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мақтанышқа айналған алтын ұя

21.02.2023

698 0

Қарауылтөбе ауылдық округіндегі Айтбай Хангелдин атындағы №179 мектебі қай кезде ауыл балаларына сапалы білім беру мен жағдай жасаумен ерекшеленіп келеді. 1997 жылы мектепке ақын, драматург, публицист, аудармашы Айтбай Хангелдиннің есімі берілген. Үздіксіз қызмет етіп келе жатқан білім ордасына бүгінде 85 жыл толды.

Жақында атаулы мерекеге орай мектепте «Білімнің бесігін тербеткен» тақырыбында ме­рекелік шара өтті. Шараға ауыл әкімі, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынба­сары Нұргүл Сабырқызы, қа­лалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақып­қызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Қуанышбай мен ардагер ұстаздар, ауыл әкімі қатысты.

– Құрметті ардагерлер және ұстаздар, сіздерді 85 жылдық  мерейтоймен құттықтаймын. Ұстаздар мен шәкірттердің тек биіктен көрінуі мектеп ме­рейін өсіреді. Мұны өздеріне артылған жауапкершілікті жұ­мыла көтере білген ағартушы­лардың арқасы десем артық болмас. Өскелең ұрпаққа за­ман ағымына сай білім мен тәрбие беруде оларға қойы­латын талап жоғары. Ал қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдісін қолдану оқушының білім деңгейінің өсуіне өз септігін тигізеді. Бұл тұрғыда нәтиже баршылық. Біздегі басты мақ­сат – алдымызға келген өреннен адамгершілікті, білім­ді, салауатты азамат қалып­тастыру. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына шын жүректен алғыс білдіремін, – деді Орынша Міржақыпқызы.

Мерекелік шарада ұстаз­дар қауымы қала әкімінің, об­лыстық, қалалық кәсіподақ комитетінің «Құрмет» гра­мо­та­сымен марапатталып, сый­лықтар табысталды. Сондай-ақ мектеп қабырғасында білім алып жатқан өнерлі оқушылар мерейтой құрметіне ән-жырдан шашу шашты. Осылайша, бір­неше буын ұр­пақ өкілдері бас қосып, білім алған, еселі еңбек еткен жан­дар естеліктерімен бөлісіп, мерейтойға жылы лебіздерін білдірді.

Жалпы білім ұясында бү­гінде Айтбай Хангелдин атын­­дағы арнайы кабинет жаб­­дық­талған. Ол жерде ақын­ның қолжазба жұмыстары, фото­лары, түрлі суреттері сақ­талған. Сонымен қатар мектеп мерейтойында ардагерлер бөл­месі де ашылды.

Айта кетерлік жайт, мек­тептің 85 жылдық мерейтойы аясында «Хангелдин дара­лары» мектепшілік дебат клубының жетекшісі Қазына Ниязованың ұйымдастыруы­мен «Мектеп тарих толқынын­да» тақырыбында ауыл мек­тептері арасында пікірталас турнирі ұйымдастырылды. Одан бөлек «Білімнің мерейлі мекені» тақы­рыбында қалалық семинар өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: