Жұма, 17 мамыр, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Мектеп түлектері кешін өткізуге арналған нұсқаулық әзірленіп жатыр

13.04.2022

940 0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп түлектері кешін өткізудің нұсқаулығы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

«Түлектер кешіне келер болсақ, әріптестерімізге нұсқаулық пен тиісті тапсырма жолданады. Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді», – деді ол.

Бұған дейін министр биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтетінін айтқан болатын.
Айта кетері, өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді.

Осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: