Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мектепте бақылау мәдениетін құру қаншалықты маңызды?

01.02.2022

762 0

Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектеп ұстаздарына оқыту тәжірибесін жақсартуға бағытталған кезекті семинар ұйымдастырды.

Орталық тренерлері Жайнагүл Джансугурова және Жанат Раймқұлова оқыту мен оқу процесін ұйымдастырудағы мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ сабақты бақылау арқылы оқушылардың пән бойынша білімін арттырудағы тиімділігін талдады.

Қатысушылар, зияткерлік мектептің ұстаздары жалпы білім беретін мектептердегі әріптес мұғалімдерінің сабағына бақылау жүргізді. Бақылау барысында мұғалімнің педагогикалық этикасына, оқушы мен педагог арасындағы қарым-қатынас орнату шеберлігіне назар аударып, оң және теріс тұстарын жіктеп, ұсыныстарын білдірді.

«Семинар барысында біз оқу сапасын жақсарту үшін деректерді қалай пайдалануға болатынын, сыныпта деректерді жинау құралы ретінде бақылаудың тиімділігі қандай деген сұрақтарға бірлесе жауап іздедік. Мұғалімдер бақылаушының рөлінде белсенді жұмыс жасап, мектепте бақылау мәдениетін құрудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті», – дейді Жанат Танатарқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: