Жұма, 29 наурыз, 20:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мектепте оқушыларға шаш бояуға тыйым салу дұрыс па? Заңгер жауап берді

13.09.2022

898 0

Қазіргі таңда оқушылардың шашын түрлі түске бояп алуы сәнге айналған. Ал мұғалімдері оларға табиғи түсіне қайта бояуын талап етіп жатады. Бұндай жағдайдан баланы қалай қорғауға болады? Мектеп әкімшілігінің бұны мектеп ережелеріне қайшы келеді деп айтуы дұрыс па? Бұл сұраққа заңгер Алена Дуля жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заңгердің айтуынша, әр мектеп оқушылардың сыртқы келбетіне қатысты өз талаптарын енгізе алады.

«”Мектеп жарғысында оқушының сыртқы келбетінің қоғамда жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкестігі және бейтарап бөлшектерді алып тастау талаптары негізделген. Бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді”, – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінен 2021 жылы алынған жауапта. Сіз ең алдымен оқушының сыртқы келбеті туралы мектептің жарғысы және ережелерімен танысуыңыз керек. Егер ережеде боялған шашқа тыйым салынбаса, онда мектеп шаш боямауды талап етуге құқы жоқ”, – дейді Алена Дуля. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: