Дүйсенбі, 04 қараша, 02:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Мектептерде сабақ кестесін ұйымдастыру бойынша 34 бұзушылық анықталды

26.04.2022

1413 0

Соңғы жылдары мектептегі күрделі оқу жүктемесінің бала денсаулығына тигізетін әсері жиі айтылып жүр. Әрине, егер оқу процесі дұрыс ұйымдастырылмаған болса, бала денсаулығының нашарлауына мектеп факторы да тікелей әсер етеді. Сондықтан басты мақсат – білім беру барысын бала денсаулығына зиян келмейтіндей етіп жүзеге асыру.

Оқыту барысын гигиеналық оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету ҚР ДСМ 05.08.2021 жылғы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларында толықтай қарастырылған және оның сандық көрсеткіштері қатаң бекітілген. Яғни сынып бөлмесіндегі қалыпты температура мен ылғалдылық, жарықтандыру деңгейі,  жиһаздардың бала денесіне сай келуі, полиграфиялық қағидалар сақталған сапалы оқулықтар, монитор алдындағы шектеулі уақыттың сақталуы сияқты бірқатар талаптар белгіленген.

Білім беру ұйымдарында оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы оқу жүктемесі мен сабақ кестесінің дұрыс құрылуынан басталады.

Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой және қабілеттілік серпіні мен қиындығы бойынша пәндерді саралау ескерілуі тиіс. Себебі әр деңгейдегі сынып оқушыларының белсенділігінің төмендеуі түрлі сағаттарда болады. Ең күрделі пәндерді сабақ кестесінде 2-3-ші сабаққа қою ұсынылады. Сондай-ақ екі-үш қиын сабақты қатарынан қоюға болмайды (физика, математика, шет тілі), оларды жеңіл (география, ән) пәндермен араластырып отыру керек.

Жалпы білім беру нысандарын тексеру барысында облыс мектептерінде сабақ кестесі дұрыс ұйымдастырылмаған 34 дерек анықталды. Барлығына санитариялық нұсқама беріліп, айыппұлдар салынды. Бүгінгі күні бұл бұзушылықтар қалыпқа келтірілді.

Оқыту нысандарында салауатты білім берудегі тағы бір өзекті проблеманың бірі –мектептердің тығыздық мәселесі. Облыстағы 12 мектепте немесе 4%-да тығыздық көрсеткіші нормадан жоғары. Санитариялық қағидалар талаптары бойынша әр сыныпта 25 баладан аспауы қажет болса, аталмыш мектептерде 30-35 оқушыдан. Қызылорда қаласындағы 6 мектепте  оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі. Бұл санэпид қызметінің мамандарын алаңдатып отыр. Себебі үш ауысымда оқу қарапайым санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, ылғалды жуып-шаю, ауа алмасу, карантин режимдердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде білім ошақтарында жұқпалы және паразитарлық аурулардың топтасқан немесе «бұрқ» еткен жағдайларының таралу қаупі артады. Бұған 2021-2022 оқу жылы басынан балалар арасында коронавирус инфекциясының көптеп тіркелгені, әсіресе үш ауысымдағы Абай атындағы мектеп-лицейде 9 жағдай, №3 мектеп-лицейде 14 жағдай, №101 мектепте 8 жағдай және № 264 мектепте 7 жағдайдың  анықталуы дәлел бола алады.

Сабақтың гигиеналық тұрғыдан рационалды, оңтайлы құрылымы

Оқушылар жүкемесінің азаюына, сәйкесінше жүрек-қантамыр жүйесінің функционалды қалпының бұзылмауына,  көру моторикалық реакцияларының оңды динамикасына, көңіл күйді орнықтыратын оңды психоэмоционалды фон қалыптастыруға, аурушаңдықты азайтуға, оқу жылының соңында жоғары адаптациялық мүмкіндіктерді сақтауға, сабақ үлгерімінің артуына оң әсерін тигізеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қызметкерлері мектептердегі оқу процесін салауаттандыру жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: