Сенбі, 27 сәуiр, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік грантқа құжаттар қабылдануда

18.07.2022

670 0

Елімізде 13 шілдеден бастап мемлекеттік грант байқауына құжаттар қабылдау науқаны басталды. Қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №5 оқу ғимаратында қабылдау комиссиясы демалыссыз жұмыс істеуде.

Құжат тапсыруға келетін талапкерлер легін қабылдауға  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мамандары толықтай дайын. Керекті құрал-жабдықтармен қамтылған кеңесшілер, техникалық хатшылар талапкерлерге ақпарат беріп, жан-жақты қолдау көрсетуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі қабылдау комиссиясы 20 шілдеге дейін жұмыс істейді.

Осы кезге дейін, яғни 13-14 шілде күндері 923 өтініш келіп түсті.

Талапкерлер оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі номерлерге  хабарласа алады: 8 7242 23-53-92, Call center 8702 922 44 58, Watsapp 8 776 538 88 99;  Инстаграм @korkyt_ata_university

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 15, № 5 оқу ғимараты.

Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 8 мыңға жуық білім алушы бар. Биылғы оқу жылын 2159 түлек бітіріп, оның 200-ге жуығы үздік диплом иегері атанды. 

Университетте 62 бакалавр,  36 магистратура және 13 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады. Білім алушылардың жан-жақты дамып, өз саласының үздігі атану үшін оқу орны тарапынан мүмкіндіктер берілген.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: