Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мұғалім бір жылда мүгедектігі бар 200-ден аса баланың арманын орындаған

26.10.2023

686 0

Дархан Сатыбалды мен Әсел Бимырзаева. Фото: Түркістан облысы әкімдігі Бір жыл ішінде 200-ден астам мүгедектігі бар балалардың арманын орындаған түркістандық ұстаз Әсел Бимырзаева «Шапағат» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Kazinform.

Агенттік мәліметінше, Түркістан қаласының тұрғыны Әсел Бимырзаева былтырдан бері «Менің арманым» атты жобаны жүзеге асырып келеді. Мектепте мұғалім болып қызмет атқаратын ол әр айда үйден оқитын мүгедектігі бар 10 баланың арманын орындап, қуанышқа кенелтіп отыр. Былтырдан бері ұйымдастырылып келе жатқан игі іс барысында Әсел Маханбетқызы өңірдегі 247 баланың кішігірім арманын орындаған. «Менің ұлым да 4-сыныпқа дейін үйде оқыды. Қазір емдетіп, жағдайын түзеп алдық. Сондай-ақ өзім ұстаз болғандықтан үйде оқитын балаларға сабақ беремін. Арасында әр түрлі балалар бар. Біреуі жүре алмайды, бірі сөйлей алмайды. Тіпті төсектен тұра алмайтындар да бар. Жағдайын көріп жаным ашиды, жылағым келеді. Сабақтан тыс уақытта қасында қалып, көп сөйлесемін. Олармен сырласып, арман-мақсаттарын тыңдаймын. Содан тағдырдың сынағына түскен балалардың аз да болса көңілін көтеріп, қуантқым келді», – дейді Әсел Бимырзаева.

Агенттік ақпаратынша, Әсел Бимырзаева Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Бос уақытында қоғамдық істермен айналысады. Өзі қолға алған жобасы аясындағы жұмыстарды үйлестіріп отырады.

«Ең алдымен, балаларға арманын жаздырамын. Қолы икемге келмейтіндеріне ата-анасы көмектеседі. Бала арманы жазылған қағазды конвертке салып, демеушілерге тапсырамын. Содан бір күнді белгілеп, сыйлықты тапсырамыз», – дейді ол. Осындай игі іс үшін Әсел Бимырзаева Республика күніне орай «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Бұл менің ғана емес, жобаға қатысушы барлық жанның марапаты деп білемін. Балаларға қуаныш сыйлау – басты мақсатым. Сондықтан жобаны алдағы уақыттыда жоғары деңгейде ұйымдасырып, жалғастыра береміз. Еңбегімізді жоғары бағалаған мемлекет басшысына, облыс әкіміне рахмет», – дейді түркістандық мұғалім. Әсел Бимырзаеваның айтуынша, балалардың арманын орындауда түрлі сала басшылары мен кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, ұжымдар атсалысып жүр. Алғашқыда тек Түркістан қаласының төңірегінде өткен қайырымдылық іс шарасы қазіргі кезде облыс аумағындағы аудан, қалаларда жалғасын тапқан. Бастамашыл топтың ұсынысына қолдау білдіретін кәсіпкерлер де көбейген.

Ақпарат көздері: kaz.nur.kz/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: