Сейсенбі, 16 шiлде, 17:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

NIS түлектері – озық университет студенттері

18.08.2021

982 0


Қызылорда қаласындадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  2020-2021 оқу жылы түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші  100 пайызды құрады. Жас зияткерлердің дерлігі қазақстандық және шетелдік университеттердің білім гранттарына қол жеткізді. 

Биыл мектептен түлеп ұшқан  95 зияткердің 38 пайызы Назарбаев Университетіне қабылданды.  Ал 13 сырбойылық жас зияткер Италия,Ресей, Гонконг, АҚШ, Венгрия, Оңтүстік Корея және Малайзия елдерінің озық білім ордаларынан тегін оқуға шақырту алды.   

–Мектеп маған коммуникация, жауапкершілік, өз ойымды еркін жеткізе білу дағдыларын бойыма дарытты. Бұл өз кезегінде болашақта өзге елде білім алуда, жаңа ортаға бейімделуде өзінің үлкен септігін тигізетініне сенімдімін. Тандаған мамандығым ғылым саласына қатысты болғандықтан, келешекте туған жерде ғылыми жаңалықтарды ашуға және ғылымға халықаралық тәжірибені енгізуді жоспарлаймын, – дейді  Оңтүстік Кореяның  Кваджу технология мен ғылым институтының студенті Зарина Алтынбай. 

Мектеп шәкірттерінің басым бөлігі әдеттегідей медицина, ақпараттық технологиялар мен ғылым бағытындағы мамандықтарға таңдау жасады. Келешегін әлеуметтану, педагогика, экономика, бизнес, құрылыс пен халықаралық қатынастар саласымен байланыстырғысы келетіндер жоқ емес.  Ринат Керімсал жоғары академиялық білімнің арқасында және  NIS оқу бағдарламасының халықаралық мойындалуының нәтижесінде Назарбаев Университетінің тікелей бірінші курсына оқуға түсті.  НУ-ға шақырту алуда мектептегі ұстаздардың қосқан  үлесі зор деп санайды:

– Назарбаев Университетін таңдаудағы  басты себебім – ол оқу ордасының әлемнің үздік университеттерінің ұстанатын жүйесі бойынша студенттерге сапалы білімді ұсынуы. Саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығын игеру арқылы әлемдегі түрлі өзгерістерді саралап, Қазақстанның басқа елдермен достық қарым-қатынаста бірге дамуын қамтамасыз еткім келеді, – дейді жас түлек. 

Сондай-ақ, оқушылардың таңдауы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,  Астана медицина университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сулеймен Демирел атындағы Университет,  Astana IT University секілді беделді жоғары оқу орындарына түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: