Сәрсенбі, 28 ақпан, 11:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Байқоңырда өнертапқыш балалармен кездесті

10.06.2022

535 0

Бүгін облыс әкімі Байқоңыр қаласына жұмыс сапары аясында №277 мектеп-лицейіне барып, қазақстандық білім беру ұйымдарының басшылары, жас педагогтар кездесіп, білім саласындағы ортақ мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, өнертапқыш балалардың жобаларымен танысып, олардың қолөнер бұйымдарын көрді.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов Байқоңыр қаласының білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, қазақстандық РФ қарасты мектептердегі оқушыларға «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту мәселесі екіжақты Үкіметаралық комиссиямен пысықталып жатқанын тілге тиек етті.

Басқосуда аймақ басшысы мектептердегі орын жетіспеушілігін болдырмау, жеке инвесторлар арқылы балабақшалар салу мәселесін қарап, ұсыныс беруді тапсырды. Сондай-ақ, Байқоңырда балабақша салуға ынталы кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін баса айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: