Сейсенбі, 06 желтоқсан, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

«OPENBILIMKZO» атты телеграм бот іске қосылды

30.01.2022

249 0

Облыстық білім басқармасы өтініш немесе арыз жолдаушының құқықтық мүмкіндіктеріне негіздей отырып заманауи «OpenBilimKzo» атты Telegram-ботты іске қосты. Бұл көкейде жүрген сауалға және өзектілігі басым өтініш пен арыздардың жауап алу процесін одан әрі жеңілдетеді. Қосымша арқылы азаматтар басқарманың барлық жұмыстары мен құрылымы жайында толық ақпарат алып, басқармаға және басшыға тікелей сауалдарын қойып, онлайн жеке қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ, Telegram-ботта жұмысқа орналасушылар үшін бос орындардың тізілімі жарияланады деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаратайұлы.

«OpenBilimKzo» атты Telegram-боттың басты бетінде 5 пәрмен орналасқан. Олар «Басқарма туралы», «Азаматтарға» «Басшыға сұрақ», «Арыз-шағымдар мен сауалдар», «Жаңалықтар», «Жедел сауалнамадан өту» батырмалары. Алдағы уақытта, аймақтағы білім беру ұйымдары мен директорларына, материалдық базасы мен мұғалімдерінің жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында онлайн сауалнама ұйымдастырылады. Айта кетейік, басқарманың ресми әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да мәселелеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды мессенджер арқылы да жолдауға болады. Әлеуметтік желілер арқылы күніне 50-ге жуық сауал келіп түседі», – деді Б.Қаратайұлы.

Сонымен қатар, мамандардың іс-тәжірибелерін тарату, насихаттау, білім ордаларының тыныс-тіршілігін ақпараттандыру, ондағы білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін таныта білу де маңызды. Осы тұста басқарманың “YouTube” арнасын ашып, жұмысын жаңғыртып, арнайы бағдарламалар топтамасы дайындалуда. Әр күн сайын аймақта жетістікке жеткен педагогтар мен дарынды оқушыларды насихаттайтын түрлі айдарлар мен посттар салынады.

Тағы да оқыңыз: