Бейсенбі, 28 наурыз, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Оқушыларға 4,5 миллион теңге сыйақы беріледі

02.09.2021

1187 0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында «алтын» медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, «күміске» – 1000 АЕК, «қолаға» – 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр халықаралық олимпиада жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант берілетінін мәлімдеді. Бұл мәселе заңнамалық түрде реттеледі.

Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар мен тәлімгерлерге де біржолғы қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: