Жұма, 29 наурыз, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Парасатты тұлға

15.03.2022

1154 0

Ардагер ұстаз Марк Подольский биыл 90 жасқа толады. Парасатты жан өз ісінің үздігі болып қызмет жасаған тұлғалар қатарында.

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт жұмысы үлкен жұмыс. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай hәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген ұлағатты сөзі осы кісіге арналғандай. Қоғамға тиген пайдасы мен қызметі бағаланды. Марк Подольский «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының «Қызылорда облысының құрметті азаматтары» қор коллекциясына құжаттары қа-былданған КСРО және Қазақ КСР білім ісінің озаты, «Қызылорда облысының құрметті қайраткері», «Қызылорда облысының құрметті азаматы», «Қызылорда облысының білім беру ісінің үздігі» атағына ие болған.

Біздің мақсат – ардагер ұстаздың архив қорындағы мәліметтерімен көпшілік қауымға таныстыру.

Марк Захарович Подольский 1932 жылы 25 ақпанда Украинаның Смела қаласында туған. 1947 жылдан Қызылорда қаласының тұрғыны. 1950 жылы Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумына түседі. 1956 жылы Қы-зылорда педогогикалық институтын бітірген, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оқу-ағарту саласында елу жылдан астам еңбек еткен ұстаз.

Ол еңбек жолын пионер ұйымының жетекшісі, кейін Макаренко атындағы балалар үйінде тәрбиеші болып бас-тайды. Қаладағы №120 Жамбыл атындағы мектепте мұғалім, 18 жылдай директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Екі рет облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған. 1978 жылдан 2002 жылға дейін №198 мектепте директорлық қызмет атқарады. Атақ-даңқы республика көлемінде тараған қадірлі де білікті басшы болған. Қарапайымдылық пен білімге құштарлық, ұжымға қоя білген талаптары арқасында мектеп талай додадан озық шыққан. Оның басшылығымен «Ең жақсы тәртіп пен үлгерім үйі», «Жақсы баға үйі» сияқты жобалар жүзеге асты. Сонымен қатар еңбек тәрбиесіне көңіл бөлді. Мектепішілік тігін және тәттілер цехын ашады. 1-4 сынып аралығында шеберханаларға оқушылар қатыстырады. Оқушылар еңбек тәрбиесімен қатар өзіндік табыс табуға үйретті. Осы тапқан табыс арқасында үлгерім бойынша және түрлі жарыстардан жүлделі орын алған оқушыларға сыйақы берілді. Өнер мектебі ашылды. Осындай үлгілі істерімен №198 орта мектебі миллионер мектеп атағына ие болды. Талай мықты азаматтың түлеп ұшқан алтын ұясына айналды.

Қор иесінің өз естелігінде былай деген: «Бұл мектеп жөнінде республикалық, облыстық басылымдар жарыса жазды. «Казахстанская правда» газетінің 1991 жылғы 20 маусымдағы санында «Мектеп миллиондары» деген 1 беттік мақала жарияланып, онда № 198 мектептің игі істері баяндалды. Кезінде мектеп оқушылары 1 Мамыр мерекесінде «Біз нарықтық экономикадан қорықпаймыз!» атты ұранмен шықты. Оқушылардың еңбегінен түскен мектептің есепшотындағы қаржыға 12 тігін машинасы сатып алынды. Оқушы еңбегіне қарай жалақы алды, әр оқушыға есепшот ашылды. Мектеп өндіріс орындарына қажетті бұйымдар шығарды. Ауруханаларға қажетті жастық тыстар, төсеніштер тігіп сатып, табыс көзін ұлғайттық» – делінген.

Архив қорындағы жеке тектік құжаттарында 1993 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Қызылорда қаласының құрметті азаматы», «Қызылорда облысының құрметті азаматы» құрметті атағының куәлігі, «Ыбырай Алтынсарин», «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қызылорда қаласына – 190 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Астана», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының куәліктері, Қызылорда облыстық мәслихат депутаттары жиналысының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамасы, куәлігі, «Қызылорда облысының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің куәлігі, баспасөз бетіне жарияланған мақалалары сақтаулы.

Сөз түйінінде Марк Подольскийдің сұхбатындағы даналыққа толы қанатты сөзін тілге тиек етсек. «Директор шені бар шенеунік емес, ол, ұйымдастырушы. Ол – ұстаздардың ұстазы, зиялылысы» деген сөзінен парасатты тұлғасы байқалады.

Дана ҚАЛТАЕВА,

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»

КММ қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының

бөлім басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: