Жексенбі, 28 сәуiр, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстан халқына» қоры білім грантын табыстайды

27.07.2022

1321 0

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім гранты мен шәкіртақы тағайындау бойынша байқау жариялайды. Аталған грантқа өтінім беру 10-17 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Жандос Базартай хабарлады.
-Алдағы 2022-2023 жаңа оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры екі бағытта білім беру гранттары мен шәкіртақы тағайындау бойынша шешім қабылдады. Бірінші бағыты – ақылы негізде оқитын білім алушыларға арналған грант. Бұл ретте қоғамдық қордың гранты мен шәкіртақы алу үшін студенттер 1-15 тамыз аралығында www.taiburyl.kz сайты арқылы онлайн өтінім бере алады. Екінші бағыт – биыл оқу орнына талапкер жастарға арналған грант. Жалпы бұл бағдарламаға мүмкіндігі шектеулі, мүгедектігі бар студенттер, жетім бала санатына жататын және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан және толық емес отбасыдан шыққан студенттер, І және ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер, ата-анасы немесе ата-анасының бірі І және ІІ топ мүгедектігі бар студенттер қатыса алады. Біз қазіргі таңда университет жанынан комиссия құрдық. Онда 13 адам жұмыс істейді, – деді Жандос Нұртайұлы.
-Қорқыт ата атындағы ҚУқабылдау комиссиясы құжатқа өтінім беру туралы үміткерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде мемлекеттік білім грантының конкурсына өтініш қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта республикалық комиссия қарауында. Мемлекеттік білім грантына түсе алмаған талапкер «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыруына болады, – деді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Абжаев.
Айта кетейік, бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының qazaqstanhalqyna.kz немесе taiburyl.kz сайтынан білуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: