Жұма, 29 наурыз, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ қосылады

07.06.2022

1129 0

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курстан өтпек. Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында. 

Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда келесі салаларды қамтиды: парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: