Сейсенбі, 23 сәуiр, 13:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда биыл студенттердің шәкіртақысы өседі

24.01.2022

984 0

Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ке өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды», – деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Ал магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 000 теңгеге дейін өседі.

Айта кетсек, 2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15 пайызға артты. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы – 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі 172 500 теңгені құрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: