Жұма, 29 наурыз, 07:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады

19.08.2022

651 0

Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Елімізде «Цифрлық педагог» жобасы басталады. Қазіргі кезде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Осы балаларды аталған жобамен қамтимыз. Оқу үлгерімі төмен балалар үшін әр жұма сайын бірнеше пән бойынша қосымша сабақтар беріледі», – деді Аймағамбетов.

Осы орайда ол бұл балаларға психологтар да көмектесетінін айтты.

«Бұл жобаны жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық өңірінде енгіземіз», –  деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілетінін айтқан болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: