Жұма, 26 сәуiр, 07:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық оқушылар төртінші оқу тоқсанында қалай оқиды: Білім министрлігі негізгі ерекшелікті айтты

30.03.2022

1536 0

Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады. Оқушылар бұрынғыдай толығымен кабинеттік оқу режиміне ауысады.

«Алдағы тоқсанның тағы бір ерекшелігі бар. Жақында ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша кабинеттік жүйеге қайта көшу туралы шешім шығарылған болатын. Бұл дегеніміз, бұған дейін оқушылар бір кабинетте отырып, сабақ оқыса, төртінші тоқсанда физиканы физика кабинетінде, математиканы математика кабинетінде, химияны химия кабинетінде оқиды», – деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, қаңтар айында оқушыларға қосымша бір апта демалыс берілгеннен кейін төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптар біріктіріледі.

«Маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды. Бірақ та әрбір білім басшылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау міндеті бар. Атап айтқанда, кабинеттерде уақытында дезинфекция жасау, таза ауа кіргізу және тағысын тағы», – деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, төртінші тоқсан 31 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады. Соңғы тоқсан сегіз аптаға созылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: