Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде қайта вакциналау басталды

26.01.2022

1037 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 6 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлер мен білім алушылардың ревакцинациясы басталды.

Қалалық №6 емхана мамандары вирустың жаңа штаммдарынан қорғау үшін екпенің үшінші дозасын егуде. Науқанның алғашқы күнінде оқу орнының 100-ге жуық қызметкері қайта екпе салдырды.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компонентін қызметкерлердің 98 пайызы, білім алушылардың 94 пайызы алған. Сондай-ақ, бүгінде университетте 18 жасқа толмаған 1100 студент бар. Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Pfizer вакцинасын ерікті түрде алу насихатталады.

Еске сала кетейік, білім алушылар 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында сабақтар онлайн форматта өтеді. Ал 7 ақпаннан бастап аралас форматта оқиды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: