Сейсенбі, 16 шiлде, 02:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

ҚР Ұлттық атом компаниясының өкілдері студенттермен кездесті

05.12.2021

857 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің түлектері ел дамуына үлес қосып, экономиканың жетекші салаларында табысты қызмет атқаруда. Бүгін «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ мекемесінің өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры, университет түлегі Манас Ысқақов білім алушылармен арнайы кездесті. Жиында өз тәжірибесімен бөлісіп, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ мекемесінің жұмысы, қызметкерлерді қабылдау бағдарламасы туралы айтты.

Кездесудің басты мақсаты – білім алушыларға еңбек нарығы, компанияда тәжірибе жинақтау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Манас Ысқақов – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Физика-математика» факультетінің 1992 жылғы түлегі. Алғашқы жұмысын инженер-физик болып бастаған Манас Мырзашұлы Қызылорда облысы бойынша радиацияны зерттеу жұмыстарына атсалысты. Ал, РУ-6 компаниясында еңбек ете жүріп осы бағыт бойынша жаңа команда жасақтап, зертхана құрды. 2005 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ бас кеңсесінде бөлім басшысы қызметін атқарып, саланы дамыту жұмыстарын табысты жүргізіп, басқарушы директор қызметіне тағайындалды.

Жиында Манас Ысқақов бұл салада жұмысқа орналасу, қызметте қойылатын талаптар туралы кеңінен айтты. Білім алушылар халықаралық еңбек нарығына сай деңгейде білім алуға ұмтылуы қажет. Егер кәсіби білікті маман болсаң, жұмыс берушілер сені өзі-ақ таңдайды. Сондықтан сұранысқа сай маман болуға талпыну керек.  «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ мекемесінде тағылымдамадан өтушілерге арналған арнайы бағдарлама бар. Бағдарлама бойынша 15 ай жұмыс істеп және 5 ай сайын ротацияны ауыстыруға болады. Бұл кезеңде қызметкерлерге менторлар бағыт-бағдар береді. Өтінімдерді қабылдау наурыз айында басталады, – деп мамандарды компанияда жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, жиында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ мекемесінің адам ресурстарын басқару департаментінің менеджері Айдана Әбдіқалық компанияда тәжірибе жинақтау және тағылымдамадан өту бойынша ақпарат берді. Кездесуде студенттер салаға қатысты сұрақтар қойып, тың деректермен танысты.

Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай университет түлегі Манас Ысқақовқа «Үздік түлек» медалін табыстап, алдағы уақытта әріптестік байланыс арта түсетінін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: