Жұма, 29 наурыз, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада апатты мектептер санын азайту мақсатында жаңа мектептер құрылысы қарқынды жүруде

28.08.2022

1242 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылауында 324 жалпы білім беретін мекеме бар, оның ішінде мектеп-305, кешкі мектеп-8 және мектеп-интернат-11.

Бүгінгі күні жалпы білім беретін ұйымдардағы тығыздылық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу мақсатында облыста 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік әріптестігі негізінде Қызылорда қаласында 2 жеке мектеп, Арал ауданында 1 жеке мектеп салынуда.Сонымен қатар Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі апаттық ғимараттағы №248 орта мектеп үшін жеке инвестор есебінен 100 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүруде.

2022 жылғы 1 қыркүйекке Арал қаласындағы апатты жағдайдағы №71 орта мектеп үшін жаңа типтік жобадағы 100 орындық интернаты бар200 орындық және Жаңақорған кентіндегі №169 мектеп үшін 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Одан бөлек жаңа оқу жылына және жыл соңына дейін жаңа 7 мектеп оқушыларды қабылдайды деп күтілуде.

Облыс бойынша үш ауысымда оқыту қаупі бар 6 мектеп бар.Оларды жою мақсатында4 мектепке қосымша құрылыс жұмыстарын бастауғақаржы бөлінген.Мектептің су, кәріз, жарық, жылу,желдету жүйелерін жаңалау, балаларға және персоналға арналған санитариялық тораптар орнату бойынша 6 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысындағы мектеп және мектеп-интернаттың 79-ы қалада, 237-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Олардың 88% типтік жобада, ал 12% бейімделген ғимаратта орналасқан. Басым көпшілігі, яғни 94%  орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, 6% су тасымалды, су баспа құдықтан алынады. Мектептердің 96,5%  орталықтандырылған, жергілікті  бу қазандығы арқылы, 11 мектеп пешпен жылытылады. Бұл жөнінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тарапынан санитариялық нормативтерге сәйкестендіру туралы тиісті ескерту жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 97пайызында медкабинет қарастырылған. Барлығы қажетті медициналық құралдармен жабдықталған.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс бойынша 2020-2021 оқу жылдары 91 мектептің сыртқы дәретханаларын ішке кіргізу жұмыстары жүргізілді.Бүгінгі күнітек Сырдария ауданында мектепке кіргізілген ішкі дәретханалар санитариялық қағидалар талабына сай қабырға арлықтарға бөлініп, еден-қабырғалары кафельденіп, ер балаларға арнайы қондырғылар (писсуар) орнатылған. Аймақтағы барлық мектепте ішкі дәретханалар жұмыс жасауда. Дегенмен,  Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарындағы ішкі дәретханалар санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес демонтаждалып, қалған дәретханалар қалпына келтіру жұмыстарын талап етеді.

Мектептерде кәріз жүйесінің (санитариялық тораптардың) жүйелі жұмыс жасауы үшін сарқынды суды төгетін арнайы ассенизациялық автокөлік мәселесін шешу де кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Өткен 2021-2022 оқу жылы кезеңінде Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен ерекше тәртіп бойынша тексерумен 272мектеп, жоспардан тыс тексерумен 317мектеп қамтылды.Нәтижесінде жалпы білім беретін мектептерде санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін 272 санитариялық нұсқама берілді, 341 айыппұл салынды,3 қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасаған және апаттық жағдайдағы мектептер бойынша облыстық ауданаралық экономикалық сотқа  5 мектептің жұмысын уақытша тоқтату туралы талап арыз жолданды, санитариялық нұсқаманың орындалмауы  бойынша 5 материал әкімшілік сотқа  жолданды.

Жаңа 2022-2023 оқу жылы қарсаңында жергілікті әкімдік пен білім бөлімдерімен бірлесіп,барлық аудан, қалада  бірлескен бұйрық негізінде 286 мектептің дайындығына мониторинг жүргізілді,ақпараттық түсіндірме жұмыстары жасалды, қалған мектепке мониторинг жалғасуда.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: