Сәрсенбі, 24 сәуiр, 07:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада І Түлектер форумы өтті

06.11.2022

682 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында І Түлектер форумы өтті. Жиында әр салада табысты еңбек етіп жүрген көшбасшы түлектер бас қосты.

Жиында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, университет түлегі Ғалым Әміреев білім ордасы жаңа даму деңгейіне көтерілгенін және алдағы уақытта да ауқымды бастамалардың жүзеге асуына үлес қосатынын жеткізді.

Ал, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов университет көптеген жастың тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал еткеніне тоқталды. Сондай-ақ, енді үздік түлектер студенттермен жиі кездесіп, «жетістіктер формуласы» атты шеберлік сағатын өткізіп, байланыс орнату керегін айтты.

Шарада университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова  оқу орнының стратегиялық дамуына түлектердің қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті.

  •  Университетте 2005 жылдан бастап Түлектер қауымдастығы жұмыс жасайды. Түлектеріміздің қамқорлығымен үнемі материалдық-техникалық базаны нығайту және университетті дамыту мақсатындағы жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, ғылыми-зерттеу бағытындағы лабораторияларды ашуға үлкен демеушілік жасалуда.

Қазіргі таңда университетіміз түлектермен жұмыс жасаудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Халықаралық және отандық үздік оқу орындарының тәжірибесі зерттелді. Болашақта өздеріңіз секілді Отанымызға қажетті мықты кадрларды тәрбилеу үшін университеттің жан-жақты стратегиялық дамуы өте маңызды және осы бағытта бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Түлектер қауымдастығының тең төрағасы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бахытхан Әбдікәрімов, қауымдастықтыңтең төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Досжанов ұйымның осы кезге дейінгі жұмысына тоқталып, қауымдастық университет пен түлектер арасындағы мықты байланыстың орнауына ықпал еткенін айтты.

Форумда «Мансап» ЖШС бас директоры, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі(MBA), ағылшын тілі мамандығының түлегі София Абдуразакова, «First Heartland Jysan Bank» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры, іскерлік әкімшіліктендіру докторы(DBA), халықаралық қатынастар мамандығының түлегі  Роман Цой, филология ғылымдарының докторы, профессор, университет түлегі Жеңіс Сәдуақасұлы пікір білдірді.

Айта кету керек, университетте 2021 жылдан бастап Эндауменд қоры құрылды. Алдағы уақытта университет дамуына үлес қосқаншәкірттерге арнайы «Алтын түлектердің тақтасы» және «Біздің түлектер» атты электронды кітабы әзірленеді.

Жиында Түлектер қауымдастығының жаңа жетекшісі болып университеттің корпоративтік хатшысы, «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлшат Дүзелбаева сайланды.

Сондай-ақ, бірқатар түлектер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік түлек» медалімен марапатталды. Форум соңында түлектер еркін форматта пікір алмасып, университеттің стратегиялық дамуын талқылады. Алдағы уақытта университет пен Түлектер қауымдастығы оқу ордасын дамыту бойынша бірлескен жол картасын даярлау жөнінде келісімге келді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: